15.04.2019, 12:34
Қараулар: 776
КАЗТАЛОВТАН – ЖҮЛДЕМЕН!

КАЗТАЛОВТАН – ЖҮЛДЕМЕН!

«Ауыл айнасы» қоғамдық-саяси газетінің жастар жылына орай ұйымдастырған «Жас love» жырлары байқауының қорытынды кеші Казталов ауылында  өтті.

Байқау шарты бойынша облыс жастары өз таңдаулары бойынша өлең оқып, оған сапалы әрі бояу мен идеяға қанық бейнеролик түсіру қажет. Әріптестердің бастамасын теректіліктер де қолдап әкетті.

Байқауға жас ақын, «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» газетінің жауапты хатшысы Әділет Орынбасаров қатысып, жүлделі ІІІ орынды қанжығасына байлады.

Қоғамның өзекті мәселелерінің бірі ажырасуды «Үміт»  атты өлеңіне арқау еткен әріптесімізді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз.

Редакция ұжымы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар