20.04.2019, 11:47
Қараулар: 332
Суретші көрмеге дайын

Суретші көрмеге дайын

Жұмыс сапарымен Шалқар ауылдық округінің орталығы – Сарыөмір ауылында болған аудан әкімі Әділ Жоламанов осы жердің тумасы, қылқалам ұстаған Ғинаят Дауылбаевтың шеберханасында болды.

Сарыөмірде қоғамдық монша ашып, халыққа қызмет көрсетіп отырған ол ғимараттың жоғарғы қабатын шеберханаға айналдырыпты. Ақ Жайық өңірінің танымал тұлғаларын, туған жер тарихын бейнелеген суретшінің жұмыстары қабырғаға айналдыра ілінген. Суретті де сол жерде салады.

Ғинаят Есжанұлы Қадір Мырза Әлі мәдениет және өнер орталығында Тұңғыш Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына үн қосу мақсатында ұйымдастырылған аудан суретшілері мен қолөнер шеберлерінің көрмесінде балалық шағы туралы топтамасын шығарған болатын. Көрмеге келгендер топтаманы өте жылы қабылдады. Сол жерде  суретшінің жеке көрмесін өткізу туралы ұсыныс болды.

Қазір Ғинаят Есжанұлы маусым айында өткізілетін көрмесіне  дайындық үстінде.

Камелия ӨТЕУ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар