25.04.2019, 11:31
Қараулар: 247
Әр кәсіпте нәсіп бар

Әр кәсіпте нәсіп бар

   Достық үйінде аудан әкімі Әділ Жоламанов «екі қолға бір күрек» тауып, өз кәсіптерін дөңгелетіп жүрген яки бизнес ашуды ойлап жүрген тұрғындарды қабылдады.

Кәсіпкерлерді қабылдаған аудан басшысы мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі туралы сөз қозғап, жеңіл пайызбен алуға болатын несиелер жайында да бірер әңгіме өрбітті. Қатысушылар да өз жоспарларымен бөлісіп, мамандардан кеңес алды. Мысалы, Ақжайық ауылында етік тігумен айналысатын Жаңылхан Байғалиева кәсібін кеңейтуді ойлайды. Ал жеке кәсіпкер Иван Гузь Федоров, Подстепный ауылдық округтерінде қоқыс шығаруды қолға алған. Дегенмен, қоқыс жинауға баратын машина үшін кей көшелерге кіру қиынға соғады. Бұл баяғы бітпейтін жолдың «жыры». Ақсуаттық «Тұлпар»  жеке кәсіпкерлегінің басшысы Шайжан Нұрғалиев, Ақжайық ауылдық округінен келген Ерболат Ережепов, Федоров ауылының тұрғыны Атынтай Жұмағазиев секілді кәсіпкерлер де өз сауал жолдап, тиісті жауап алды.

Әділет ӘЛІБЕК

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар