15.04.2019, 11:20
Қараулар: 297
КОМИССИЯ ОТЫРЫСТАРЫ ӨТТІ

КОМИССИЯ ОТЫРЫСТАРЫ ӨТТІ

Жуырда аудан әкімі Әділ Жоламановтың төрағалығымен аудан әкім жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыста Аңқаты, Ұзынкөл ауылдық округтерінің әкімдері Ерлан Молдахметов, Максут Мурзакаев, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Жанаргүл Хусаинова, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Арайлым Тасенова, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сағдат Жолдығалиев, экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гүлмира Сәрсенова заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау барысында  сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу бағытында есеп берді.

Әр бөлім басшысы парақорлықпен қалай күресіп жатқандарын, халықты құлағдар ету үшін  аудандық «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» газеті мен әлеуметтік желілерде мақалалар жариялап, заңсыз әрекет етудің зардабын бейнелейтін бейнеролик көрсетіп жүргендерін айтты. Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Жанргүл Жеңісқызының мәлімдеуінше, барлық 38 мектепте ата-аналардан ақша жинауға қатаң түрде тыйым салынған. 26 мектепте «Адал ұрпақ» еріктілер клубы құрылған. Клуб мүшелері мектеп әкімшілігімен бірге түрлі тәрбиелік шаралар ұйымдастырып, шәкірттерді адал болуға, ешкімнің ала жібін аттамауға үндейтін көрінеді. Жемқорлықтың жолын кесу үшін мектептерде қамқоршылық кеңестің жұмысы басталған.

Барлық баяндамашылардың мәліметін толық тыңдаған, төраға Әділ Тауфикұлы әріптестеріне мемлекет ақшасының халық мүддесі үшін жұмсалуы қажетін, әр адам нәпақасын адал еңбекпен табу керегін айтты.


Аудан әкімі Әділ Жоламановтың төрағалығымен Теректі ауданы әкімдігі жанынан құрылған ҚР мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары Махамбет Батырғалиев, комиссия мүшелері, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Отырыста аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Азамат Құспанов, білім беру бөлімі басшысының орынбасары Эльмира Сисенбаева, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мирхат Ибраев мемлекеттік рәміздерді насихаттау және пайдалану жұмыстарын баяндады.

Барлық баяндамашыларды тыңдап болған, төраға Әділ Тауфикұлы мемлекеттік рәміздердің ережеге сай болуын, ай сайын барлық елді мекендердегі рәміздерді тексеру қажеттігін айтты.

Аягөз АЙТҚАЛИЕВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар