12.04.2019, 10:49
Қараулар: 266
БАЛСҰЛУ — «Miss Podstepnoe-2019»

БАЛСҰЛУ — «Miss Podstepnoe-2019»

Облыс орталығына жақын жатқан Подстепный ауылдық округі мәдени шаралар легін ұйымдастыруда өте белсенді. Оған дәлел — Мәдениет үйінде өткен «Miss Podstepnoe-2019» сұлулар байқауы.

 

Мәдениет үйінің директоры Айнұр Қуанышқалиеваның ұйымдастырумен өткен шара халықты көп жинады. Байқауға қатысушылар да тыңғылықты дайындықпен келді. Мәдениет үйі жанынан құрылған «Жастар» клубының мүшелері де бірауыздан қолдау білдірді. Сұлулық  байқауына он қыз қатысты. Байқау төрт бөлімнен тұрды. Ауылымыздың сұлулары сахнаны әуезді әнге бөлеп, мың бұрала билеп те берді.

Ертеде ата-бабаларымыз қыздың мінезі мен қылығын жүрісінен, шолпысының сыңғырынан таныған екен. Сол қазақ қыздарының ата-бабадан дарыған қасиетті өнегесі әлі де қазақ қыздарының бойынан табылғанына куә болдық.

Байқау нәтижесінде қазылар  алқасының  шешімімен  бас жүлдені Балсұлу  Мәдениетова  жеңіп алды. Ал 1 орын Альбина Кеңесоваға бұйырса, 2 орынды Алина Ізболатова еншіледі. Үздік үштікті Мөлдір Галимова толықтырды.

 

Нұрдана Темір,

Подстепный қазақ ЖОББМ-нің 8 сынып оқушысы