9.04.2019, 10:29
Қараулар: 720
«ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

«ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

5 сәуірде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуші органның Теректі аудандық бөлімшесі мен жергілікті полиция қызметкерлері  «Жолда қабылдау» республикалық акциясы шеңберінде тұрғындармен кездесті.

Шараға ауданымыздағы «Адалдық алаңы» тобының мүшелері: «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрхат Жанбоз, ішкі саясат бөлімінің басшысы Рүстем Мүтиев, «Теректі жаңалығы-Теректинская новь» газетінің жауапты хатшысы Әділет Орынбасаров қатысып, теректілік жүргізушілердің хал-жағдайымен танысты.

Акция барысында  бөлімше қызметкерлері көлік жүргізушілері тарапынан жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді.

Мұндай кездесулер тоқсан сайын өтеді деп күтілуде.

Аягөз АЙТҚАЛИЕВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар