9.04.2019, 10:24
Қараулар: 233
«МЕН ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗЫМЫН ҚОС БҰРЫМДЫ»

«МЕН ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗЫМЫН ҚОС БҰРЫМДЫ»

Өткен сенбіде аудандық мәдениет үйінде «Қолаң шаш» байқауының марапаттау рәсімі өтті.

Әлеуметтік желілер арқылы жоғары ұпай жинаған теректілік арулар: Назеркем Максимқызы (Ақсуат ауылы), Жадыра Гайнуллина (Ақжайық), Сагина Сагиева (Федоров), Айсұлу Ықсан (Богданов), Светлана Оразалиева (Абай) сынды аруларымыз қазақ қызына тән қасиеттерін дәріптеді. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Әр бөлімде қатысушылар бұрымдарының ұзындығын, күтімін, әдемі шаш үлгісін видеоға түсіріп, жолдады.

Сонымен, «Қолаң шаш» кезеңінде шашының ұзындығы 100 см ақжайықтық Жадыра Гайнуллина, «Білектей арқасында өрген бұрым» бөлімінде бұрымын әдемі өрген Сагина Сагиева мен Айсұлу Ықсан, үздік шаш үлгісі үшін Светлана Оразалиева, шаш күтіміне сақтықпен қарайтын Назеркем Максимқызы жеңімпаз атанды.

«Facebook» және «Vkontakte» әлеуметтік парақшаларында ең көп лүпіл жинаған екі баланың анасы, Ақжайық ауылының қолаң шашты келіні Жадыра  басты сыйлық – 25 мың теңгені қанжығасына байлады.

Аягөз АЙТҚАЛИЕВА