5.04.2019, 17:05
Қараулар: 783
Әлеуметтік желі – әлеуетті желі

Әлеуметтік желі – әлеуетті желі

Бүгінгі заманда «алты айлық жерден лезде хабар алғызған» ғаламтор іс үстінде. Әсіресе, фейсбук, твиттер, Вконтакте желілерін қолданушылар әлемнің әр бұрышында болып жатқан жаңалық-жағдайдан ұшқыр хабарлы.

Желдей ұшқан желімен бәсекелестікке төтеп беру үшін  газет-журнал ағымға бейімделіп, жаңа медианы игеруге көшті.

Аудандық газетте еңбек етіп жүрген әріптестер жаңалықты шұғыл жеткізу үшін оны әлеуметтік желі арқылы таратуға кірісті. Жаңа медиада білгенімізден білмегеніміз көп. Хабар орналастыруда кемшін тұстар бар. Соның кесірінен, қызықты ақпараттар оқылып-таралмай қалып жатады.

12 аудан,  қос облыстық газеттің иесі — «Жайық Пресс» осы олқылықтың орынын толтырып, өз қызметкерлерін жаңа медиада жұмыс жасауға үйрету үшін бір күндік курс ұйымдастырды.

Әлеуметтік желілерде жүзіп жүрген SMM маманы Ерлан Мәжіктің шеберлік сыныбына жиналған ақпарат жаршылары бір күн ішінде өз білімдерін толықтырып, әлеуметтік желіде ақпарат ұсыну, тиімді көрсету жолдарын біліп алды.

 

Камелия ӨТЕУ