2.04.2019, 14:36
Қараулар: 62
КІТАП – ШЕБЕР ҰСТАЗ

КІТАП – ШЕБЕР ҰСТАЗ

Покатилов ауылындағы «Қызғалдақ» бөбекжайында балалар кітаптары күніне орай әдіскер Жібек Габдуахитова ұйымдастыруымен шара өтті. Мақсат –кітап неге оқылмайды деген сауалдың жауабын іздеу және қазақ балаларын қазақ әдебиетінен алыстатып алмаудың амалын бірлесіп табу болды.

Шара аясында ұмытылып бара жатқан тәрбиелік мәні зор кітаптарды қайта жаңғырту мақсатында ата –аналармен бөбекжайда сұқбаттар жүргізілді. Бүлдіршіндер өлең, ертегі, жаңылпаштарды жатқа айтып, мектеп кітапханасына саяхат жасады. Мектеп кітапханашысы Аида Талғатқызы балаларға кітаптар сыйға тартса, мектеп мұғалімі Маржан Мегетқызы мектеп ішіндегі мұражайда сақталған кітап түрлерімен таныстырып өтті.

Шынар Есетова,

«Қызғалдақ» бөбекжайының тәрбиешісі
Покатилов ауылы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар