1.04.2019, 13:28
Қараулар: 97
«Бірліктің» бірлігі жарасқан

«Бірліктің» бірлігі жарасқан

Таяуда ауданымыздағы мемлекеттік қызметкерлер арасында ұжымдағы ынтымақты арттыру, салауатты өмір салтын дамыту мақсатында тимбилдинг өтті.

Спорттық сайысқа 2 топ команда қатысып, бақ сынады. «Бірлік» құрамасында аудан орталығы Федоров ауылында қызмет ететін мемқызметкерлер болса, «Намыс» тобының құрамы әр ауылдық округтен келген жандардан тұрды.

Додада аудан әкімі аппаратының басшысы Армат Байғазиев, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрхат Жанбоз, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Виктория Мустивко қазылық етті.

Алдымен 2 құраманың капитандары анықталды. Бірінші кезеңде жүргізуші қатысушыларға министрлер жөнінде сұрақ қойып, білімдерін тексерді. Бұл бөлімде «Бірлік» тобы белсенділік танытты. Одан кейін екі капитанға топ мүшелері жасырынған мақал, ән, өлең жолдарын іс-қимылмен көрсетті. «Намыс» тобы әр сөзді нақты бейнелеп, ұтқыр ойлы маман екендкерін дәлеледеді. «Қапқа доп лақтыру», «Кілем – ұшақ», «Арқан тартыс» бөлімдерінде де мемқызметкерлер тосылмады.

Сайыс соңында «Бірлік» командасы артық бір ұпаймен жеңіске жетті. Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау жұмыстары бөлімінің бас маманы Айбек Ғайнуллин «Зияткер ойыншы»,  Шағатай ауылдық округінң жетекші маманы Қаламқас  Сұлтанова «Ең белсенді ойыншы» аталымдарына ие болды.

Аягөз АЙТҚАЛИЕВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар