1.04.2019, 13:23
Қараулар: 97
Жыл жұмысын жоспарлады

Жыл жұмысын жоспарлады

Сәрсенбі күні әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша үш жақты комиссия отырысы өтті.

Биылғы жылы бірінші рет өткізіліп отырған басқосуды  аудандық үш жақты комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Махамбет Батырғалиев жүргізді.

Отырыста  комиссияның жыл бойына атқарар жұмыс жоспары бекітіліп, алдағы жылда қаралатын мәселелер тізілді.

Комиссия мүшелеріне  халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Балжан Идигеева «Бірыңғай электрондық еңбек шарттарын есептеу жүйесі» ААЖ мекемелер мен кәсіпорындардың «электронды HR» жобаларына қосылуы жөнінде баяндап берді.

 

А.Сахипкереева,

 «Теректі ауданының жұмыспен

қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімі» ММ-нің

бас маманы