29.03.2019, 11:29
Қараулар: 668
«Қош келдің, әз Наурыз»

«Қош келдің, әз Наурыз»

Кетпесін Алла берген берекесі,

Алаштың баласына нәсіп болған,

 

Құтты болсын НАУРЫЗ мерекесі!– дей келе биылғы төл Жаңа жылымызда жақсы жаңалықтар лайым көп болғай. Самарқанның көк тасын жібітіп, Жер–Ананың төсіндегі тіршілік иелеріне қайтадан жан бітіретін бұл күн біз үшін бәрінен айырықша. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киіп бір – бірімен қол алысып, амандасып төс қағыстырып жақсы тілектер айтылады. Мерекеге арнап жеті түрлі дәннен наурыз көже дайындалады. Осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып арылады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, дастарханнан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау тіккен. Алтыбақан басында ән айтып күй тартады. Дәстүрлі ұлттық ойындар: көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, тағы басқа ойындар ойналады. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады. 22 наурыз күні күн мен түн теңеледі. Табиғат та жер ана да, жан — жануарлар да оянады. Міне, бұл –нағыз Жаңа жыл! Сөзім дәлелді болу үшін, 2019 жылдың 20-ші наурыз күні Қызғалдақ бөбекжайында өткен «Қош келдің, әз Наурыз» мерекелік іс- шара Аманшиева Гулия Қусайновнаның ұйымдастыруымен жоғарғы деңгейде өтті. Қазақ халқының ұлы мерекесін тойлау, балалардың патриоттық сезімдерін ояту. Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Бүкіл тіршілік аталуының түрленіп, жаңаруын және қазақтың салт-дәстүрлері мен ырым-тыйымдары паш ету. Зал іші төрде үлкен киіз үй іші ою- өрнектерімен, сандық, қоржын, қазақы дөңгелек стол, домбыра, қамшымен безендіріліп. Киіз үй ішінде ақсақал, бай, ауылдың қонақтары отырды. Көрісіп келген кіші топ балаларына ақсақал бата беріп өз қастарынан орын берді. Әуенді «Сарыарқа» күйімен ұлттық көйлек киген қыздар шашу шашты. Теңесіп келген жарқыраған күнімізбен жұлдыздары жымындаған түнімізге керемет көрініспен көрсетті. Балаларымыз әні орындай отырып, жиналғандардың жүректеріне ерекше сезім ұялатса, қазақтың ұлттық биі рух намыс берді деп ойлаймын. Бұл тойдан Алдар көсемен тазша баланыда қалдырмады балалармен ұттық ойындар ойнап мерекенің сәнін келтірді. Ұрпақтар сабақтастығын жалғастыра отырып, ортақ мақсат-мүдделерге жетелейтін, ерлікті, ауызбіршілікке, қазақ халқының салт- дәстүрін, әдет- ғұрыпын, ырым- тыйымдарын дәріптейтін, ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын, келешек ұрпақтың болашағы жарқын болуға ат салысып, ата-аналардың мейріміне бөленген Гулия Қусайновнаға айтар алғысымыз көп деп ата-аналаларымыз көздеріне жас алды.

Акмарал Мендигалиева,

Покатиловка ауылы

«Қызғалдақ» бөбекжай тәрбиешісі: