26.03.2019, 15:43
Қараулар: 675
«Электрондық цифрлы қолтаңба» — әрбір адамда болуы тиіс

«Электрондық цифрлы қолтаңба» — әрбір адамда болуы тиіс

Аңқаты селолық округінің әкімшілік ғимаратында 2018 жылдың сәуір айынан бастап «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» жұмыс істейді.

Округ әкімі Е.Молдахметов ауыл тұрғындарымен кездескенде аталмыш «Бұрыштың» беретін мүмкіндіктерін «Электронды үкімет» порталындағы қажетті мемлекеттік қызмет түрлерін тегін алуға болатынын, ол үшін электрондық сандық қолтаңба керектігі туралы осы бұрыш ашылғалы айтып келе жатыр. Осы бұрышта жеке куәлік арқылы анықтама алатын картридер құрылғысы да бар. Кез келген сұрағыңызға жауап беретін, әрдайым қолұшын созуға әзір тұратын жауапты маман да бекітілген.

 «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» халыққа өте қолайлы қызмет. Өйткені бұрын мекенжай анықтамасын алу үшін ауданға немесе қалаға халыққа қызмет көрсету орталығына, жұмыс іздеуші ретінде тіркелу үшін ауданға жұмыспен қамту орталығына бару керек болатын. Қазіргі уақытта осы аталмыш бұрыш арқылы жоғарыда айтылған қызметтерді алуға,тіркелуге болады. Электрондық үкімет порталында кез келген уақытта мекенжай анықтамасын,баланың балабақшаға кезегін қоюға және тағы басқа көптеген қызметті алуға болады.

Электрондық сандық қолтаңба арқылы небәрі 10 — 15 минут  ішінде анықтама алуға болады. «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» — ауыл тұрғындары үшін оңай, ыңғайлы, жылдам! Кезек күтіп шаршамайсың, Керісінше уақыт үнемдейсің. Қазіргі уақытта «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» «Электронды үкімет» порталындағы қызмет түрлерін алуға былтырғы жылмен салыстырғанда ауыл тұрғындары биыл жиі жолығуда.

Бүгінде әрбір адамда электрондық сандық қолтаңбаның болуы өте маңызды.

 Электронды цифрлы қолтаңба алу үшін жеке куәлігіңізбен аудандағы немесе қаладағы халыққа қызмет көрсету орталығына (ЦОН-ға) барып алуға болады.

 

 

Н.Исмурзиев

Аңқаты селолық округі

әкімі аппаратының бас маманы

 

 

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар