26.03.2019, 12:24
Қараулар: 651
Үгіт-насихат жұмыстары

Үгіт-насихат жұмыстары

   Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Теректі ауданының төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен тұрғын үй секторында өрт оқиғаларының алдын алу мақсатында аудан тұрғындары арасында алдын-алу үгіт-насихат жұмыстары кеңінен ұйымдастырылып жүргізілуде.

Бұл ретте ТЖ бөлімінің қызметкерлерімен тұрғын үйлерді аралап шолу жүргізумен қатар аудан орталығындағы адамдар жаппай жиналатын орындарда, атап айтқанда,  Халыққа қызмет көрсету орталығында, аудандық Қазпошта бөлімшесінде  және сауда орындарында жиналған халыққа өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары тақырыбындағы жадынамалар мен нұсқаулықтар таратылды. Сондай-ақ, тұрғындарға тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін сақтау, әсіресе, қазіргі тұрғын үй аулаларына жаппай мал азығын үю кезеңінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

          Өрт қауіпсіздігі ережесін бұзып өрт оқиғасына жол берген кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес  әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы қосымша ескертілді.

БҚО ТЖД Теректі ауданының ТЖБ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар