26.03.2019, 12:10
Қараулар: 660
АБАЙЛАҢЫЗ: ЖҰҚА МҰЗ!

АБАЙЛАҢЫЗ: ЖҰҚА МҰЗ!

БҚО ТЖД Теректі ауданының төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен көктем мезгілінде судағы (мұздағы) қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында аудан тұрғындары арасында түсіндірме жұмыстары және су айдындарына шолулар ұйымдастырылп жүргізілуде. Сонымен қатар мектеп оқушыларына мұздағы қауіпсіздік жөнінде ашық сабақтар жүргізіліп тұрғындарға, балықшыларға су айдындарында (мұз үстіндегі) қарапайым ережелердің қатаң сақталуы қажет екендігі ескертілді, атап айтқанда:

  • жұқа, әлі берік қатпаған мұздың үстіне шықпаңыздар мұз үстіне топ болып жиналмаңыздар;
  •  мұз бетіндегі ойықтарға, жарықтар мен жыраларға жақындамаңыздар;
  • тік жарлардан жұқа мұзға шанамен, шаңғымен сырғанамаңыздар;
  • мұздан тиым салынған жерлерден өтпеңіздер;
  •  көру мүмкіншілігі жоқ кезде және қараңғыда мұзға шықпаңыздар;
  •  өткелден тыс жерлерден мотоцикл, автокөліктермен жүрмеңіздер.

Желтоқсанның алғашқы жартысында әдетте мұз жұқа болады. Мұзбен жүрмей тұрып, оның беріктігін сүйменмен соғып тексеру керек. Берік мұз 2-3 соққыдан кейін ғана тесіледі. Мұздың беріктігін аяқпен теуіп тексеруге болмайды. Мұз мықтылығына сенімсіз болсаңыз, оның үстімен абайлап жүріңіз. Жәй жүрген кезде мұз сирек сынады. Әдетте, мұз жарыларда сытырлайды, сыртқы түрі өзгереді және бетіне су шығады. Бұндай үрейлі белгілер білінген кезде, келген ізбен  аяқты мұзбен жылжыта жүру арқылы кері қайтқан дұрыс.

Сондай-ақ, зардап шеккен адамдарға алғашқы көмек көрсету шаралары түсіндірілді.

 

                                                                            БҚО ТЖД Теректі ауданының

                                                                             Төтенше жағдайлар бөлімі

 

Осторожно: тонкий лед!

Сотрудниками Отдела по чрезвычайным ситуациям Теректинского района ДЧС ЗКО в целях предупреждения несчастных случаев на водоемах (на льду) в весеннее время проводятся разъяснительные работы среди населения и организованы рейды по водоемам. А так же в учебных заведениях были проведены открытые уроки на тему «осторожно, тонкий лед».

Населению, рыбакам разъяснены меры по соблюдению простых правил безопасности повдения на водоемах (на льду), а именно:

  •  Не выходите на тонкий неокрепший лед;
  • Не собирайтесь группами на отдельных участках льда;
  •  Не приближайтесь к промоинам, трещинам, прорубям на льду;
  •  Не скатывайтесь на санках, лыжах с крутых берегов на тонкий лед;
  •  Не переходите водоем по льду в запрещенных местах;
  •  Не выходите на лед в темное время суток и при плохой видимости;
  • Не выезжайте на лед на мотоциклах, автомобилях вне переправ.

В первой половине декабря лед бывает еще тонким.  Готовясь к переходу, надо заранее проверить его прочность ломом. Прочный лед проламывается только после 2-3 ударов.  Ни в коем случае нельзя проверять прочность льда ударом ноги.

Если вы сомневаетесь в прочности льда, то переходите по нему медленно. Лед редко проламывается мгновенно при медленной ходьбе. Обычно пролому льда предшествует треск, проседание, изменение его внешнего вида и выступления воды. При таких тревожных признаках лучше сразу вернутся назад и притом только по собственным следам, скользя ногами по льду.

Так же разъяснены меры по оказанию первой помощи пострадавшему.

  Отдел по ЧС Теректинского района ДЧС ЗКО

 

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар