26.03.2019, 11:50
Қараулар: 61
Табиғатты аялау – баршаға міндет

Табиғатты аялау – баршаға міндет

1 сәуір – халықаралық құстар күніне орай Ақжайық  орман  және  жануарлар  дүниесін  қорғау  жөніндегі  мемлекеттік  мекеме арнайы   ұялар жасап, ағаш басына ілді.

Сонымен қатар, көктем мезгілінде орын алатын су тасқыны, жазда болатын өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мекеме ұжымы тиянақты дайындалуда. Өрт  сөндіру  автокөліктерінің  жарамдылығын  тексеріп,  қажетті  қосалқы бөлшектермен қамтыдық. Тракторлар, су тасымалдау  тіркемелерімен  дайындық әзірленді.  Мекеме  бойынша  өрт  сөндіру  автомашинасы  әзірленіп  қойылды. Тек табиғат аясында демалушылар орман ережелерін дұрыстап сақтаса болды. Кез келген жерге от жақпай, мекемеден арнайы рұқсат алып, демалып болған соң, жаққан оттарының сөнгеніне көз жеткізсе, қоршаған ортаға залала тигізбейтінін әр азамат қаперінде ұстауы тиіс.

         Әсет Есмақов.

Ақжайық орман және жануарлар

дүниесін қорғау жөніндегі  ММ-нің

 орман күзету және қорғау инженері

 

 

 

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар