26.03.2019, 11:40
Қараулар: 278
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, шаруаның бір малы екеу болып, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесін Теректі ауданының тұрғындары дүркіретіп тойлады.

Федоров ауылындағы орталық алаңға үкілі кәмшат бөрік, бүрмелі көйлек киген қыз-келіншек, кимешекті әжелер, ақ сақалды аталар, жігерлі жас жігіттер бәрі тайлы-тұяғы қалмастан жиылды.

Шара мәдениет үйі өнерпаздарының театрландырылыған көрінісімен ашылды. Қыдыр ата ақ батасын беріп, жігіттер жарапазан айтты. Ақ шаңқан киіз үйлердің алдында барлық бөлім қызметкерлері «Тұсау кесу», «Беташар», «Бесікке салу» сынды жөн-жоралғыларды халықтың назарына ұсынды. Аудандық балалар кітапханасының ұжымы кітап көрмесін ұйымдастырып, теректіліктерге әдет-ғұрып жөнінде сұрақтар қойды. Баба салтынан білімін тексерген әр жан психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде тәлім алатын балғындардың бұйымдары сатылған жәрмеңкеден ұнаған затын алды. Бауырсақ болып киінген мәдениет үйінің өнерпаздары барша жұртшылыққа бауырсақ таратты. Ұлттық «Аударыспақ», «Асық ату», «Арқан тартыс», «Қол күресі», «Қой көтеру», «Гір тасын көтеру» ойындарында ептілігімен көзге түскендер бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қойды 92 рет көтеріп, жиылған жұртты тамсандырған Рауан Бүркітов бағына бұйырған Шопан ата төлін аудандық мешітке сыйға тартты.

Қызықты думанды тамашалаған Федоров ауылының жаны жайсаң жандары  киіз үйлерде жайылған дастарханнан дәм татып, наурыз көже ішіп,  бір жасап қалды.

Аягөз АЙТҚАЛИЕВА, 

Федоров  ауылы

Весело и дружно отпраздновали Наурыз мейрамы в селе Жана Омир Чаганского сельского округа. Работники культуры, местные педагоги, активные сельчане сделали все, чтобы этот день остался у всех в памяти надолго.

Для всех гостей были накрыт праздничный дастархан. Ведь угощение в дни празднования Наурыза символизирует богатство, изобилие и успех. Среди приглашённых – заместитель акима района Куаныш Шарафутдин, член районного общественного совета Роллан Бектемиров, аксакалы, жители и гости села.

Сельчане стали активными участниками праздничного концерта, продемонстрированных обрядов, спортивных соревнований.

Иван Гузь,
с.Подстепное

Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамының қарсаңында аудан әкімі Әділ Жоламанов Ақжайық ауылдық округінің қарияларымен кездесті.

 Кездесуге ауданы әкімінің орынбасары Қуаныш Шарафутдин мен  аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев қатысты. Әділ Тауфиқұлы жиналған ауыл үлкендерін мейраммен құттықтап, еліміздің тыныш, заманымыздың бейбіт болуын тіледі. Ауыл қариялары ауданнан арнайы құттықтап келген өңір басшысына алғыс айтты. Кездесу мерекелік дастарханмен жалғасын тапты.

22 наурызда Ақжайық ауылының халқы мәдениет үйінде басқосып, концерттік бағдарламаны тамашалады. Жергілікті мекемелер қызметкерлері тұрғындар үшін арнайы дастархан жайды. Мәдениет үйінің ауласында палау пісіріліп, бауырсақ, наурыз көжемен бірге әр адамға ұсынылды. Сонымен қатар, спорттық ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздар дипломдармен мараптталды.

Қырмызы БАЗАРБАЕВА, 

Ақжайық ауылдық округі әкімі

аппаратының жетекші маманы

В Аксуатском сельском округе живет многонациональный, дружный и гостеприимный народ. Здесь принято все праздники отмечать всем миром.

В селе Аксуат аким сельского округа Максим Энгелов встретился сначала с многодетными матерями, которым было оказана почесть. Приглашенные гостьи делились воспоминаниями, выражали благодарность, что в столь знаменательный праздник собрали их вместе. В их честь со сцены звучали душевные песни.

Наурыз в каждом селе округа народ отметил с размахом и весело. Были и представления, и концерт, и праздничное угощение, и традиционные национальные спортивные состязания. Организаторы уверены, такие мероприятия не только сохраняют народные традиции, но и укрепляют дружбу народов, воспитывают любовь к своей малой родине и своему народу.

Александра Иванова