26.03.2019, 11:10
Қараулар: 280
«Мейірімді көктемге» жастар үлес қосады

«Мейірімді көктемге» жастар үлес қосады

Облысымызда дәстүрге айналып келе жатырған «Мейірімді көктем»  жобасына теректілік кәсіпкерлерден бөлек, жастар тарапы да өз үлестерін қосуда.

Биыл көктем келді деген тек аты ғана. Қалың түскен қар қыстың нақ қызған шағындай әсер қалдырады. Сол себепті  аудандағы жалғызбасты аналарымыз бен көмекке мұқтаж жандар үшін жастардың жәрдемі аса қажет. Жастар тарапы қыс бойы көмек беруден тартынған жоқ. Алайда көктем келісімен еріген қар тұрғын үйлердің суға кету қауіпін тудыруда.

«Іс үшін- За дело» ЖҚБ төрағасы, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысының уақытша міндетін атқарушы Нұрлан Жасұлановтың айтуынша, қыс бойы 60 үйге көмек көрсетіліп, оған 120 жас жұмылған. Яғни, көмекке мұқтаж алпыс шаңырақ мейірімді жастардың көмегіне дән-риза деген сөз. Төраға бұл жұмыстар көктемде ерекше қарқын алып, жалғасып жатыр дейді. Аудан жастары көмек көрсетуге келгенде белсенділік танытып, ал аталар мен әжелеріміз алғыстарын айтып, баталарын береді екен.

 

Әділет ӘЛІБЕКҰЛЫ