25.03.2019, 10:47
Қараулар: 627
Бұған дейін Ақорда Президенттің Қазақстан халқына арналған мәлімдеме жасайтынын хабарлаған еді.

Бұған дейін Ақорда Президенттің Қазақстан халқына арналған мәлімдеме жасайтынын хабарлаған еді.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді. Мәлімдемеде Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне ерекше көңіл бөлген.

zhaikpress.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев – ҚР Президенті!

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Кеңес мүшелерінің, Жоғарғы Сот судьяларының, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының, Үкімет мүшелерінің қатысуымен Қазақстан халқына ант берді.

– Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы рәсімге қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың егемен елімізді қалыптастыруға және өркендетуге, сондай-ақ елордамыз – Астананы тұрғызуға сіңірген зор еңбегіне айрықша тоқталды.

– Бүгінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әлем тарихына аса көрнекті реформатор ретінде енді. Ол Қазақстанды дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылған заманауи әрі озық мемлекетке айналдыра білді. Оның экономикалық және саяси реформалары мемлекеттік сындарлы саясаттың символы болды, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары әрі жауапты қызметті атқара отырып, Елбасының стратегиялық бағытын жалғастыра беретінін айтты.

Рәсім барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасыға «Халық қаһарманы» атағы беріліп, «Алтын жұлдыз» айрықша белгісі табыс етілді.

АҚОРДА

Мы благодарны Президенту

 19 марта Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев, возглавлявший республику на протяжении почти 30 лет, в своем обращении к народу сообщил, что «принял решение прекратить свои полномочия в качестве Президента». Он подписал Указ о cложении полномочий Главы государства с 20 марта 2019 года.

Конечно, для всех нас это было неожиданно. За годы Независимости под его руководством казахстанцы своим созидательным трудом сумели найти верный путь развития. Президентом проделан титанический труд и внесен неоценимый вклад в построение сильного и Независимого Казахстана. За эти годы ему удалось создать мощную страну, которая получила признание и высокий международный авторитет. Наш Лидер всегда был для нас оплотом экономической, политической и социальной стабильности.

Сегодня страна устойчиво развивает свою экономику, улучшается благосостояние   народа, сохраняется социально-политическая стабильность общества. Разработаны и действую многие государственные программы, также созданные на благо казахстанцев. Особо следует отметить «Стратегию «Казахстан — 2050», главная цель которого войти в число 30-ти самых развитых государств мира. И мы уверенно идем к этой цели.

Не это ли главное счастье для народа, жить в мире, согласии, покое, воспитывая без страха своих детей и внуков. И все это на фоне того, как вокруг в других странах в кровопролитных войнах и страданиях живут люди.

Теректинский район – часть большого Казахстана. Успехи развития страны можно судить и по нашему району, где также уверенно развивается бизнес, сельское хозяйство, приходят новые инвестиции, растет благополучие сельчан. В мире и согласии проживают 29 различных этносов.

Мы осознаем, какой огромный труд был проделан Главой государства ради нашего общего благополучия. Сколько сил было вложено, во имя процветания страны! И народ выражает ему свое бесконечное уважение и благодарность.

Махамбет Батыргалиев,

заместитель акима Теректинского района

 

ИСЛАМНЫҢ АСЫЛ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЕН ҚАУЫШТЫҚ

 

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

19 наурызда Елбасы Н.Назарбаевтың тосыннан жариялаған Жарлығын естідік. Ешкім күтпеді. Бірақ, бұл оқиғаның бір күні орын алары сөзсіз еді.

Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, осы күнге дейін қаншама қысылтаяң шақтарды басынан өткізсе де, Нұрсұлтан Әбішұлы халқы үшін аянбай тер төкті. Ең алдымен, ұлттық дәстүр, тіл, діл, дінімізді қайтарды. Көп ұлттан құралған мемелекет болса да, әр адам өз ана тілінде еркін сөйлеп, бабаларынан қалған әдет-ғұрпын ұстанды.

Осынау 27 жылдың ішінде елімізде екі жарым мыңға жуық мешіт бой көтерді. Жаңа үлгідегі барлық жағдай жасалған мешіттерде жамағатымыз емін-еркін құлшылығын орындауда. Тіпті, ел көшбасшысы болған соңғы күндерінде де  ТМД мен Орталық Азиядағы теңдесіз мешіттің  іргетасын қалады. Оның қолдауымен барлық мұсылмандарға бір бағытта пәтуа берілуін қамтамасыз ететін Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігі құрылды. Халықтың 70%-і ханафи бағытындағы мұсылмандар саналатын мемлекет болашағы үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1993 жылы Мысыр еліне сапарында Қазақстанда ислами жоғары оқу орнын ашуға байланысты шешім қабылдады. 2001 жылы Нұр Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің жұмысы басталды. Қазіргі таңда бұл университеттің түлектері араб, ағылшын тілдерін еркін меңгеріп, халықтың діни сауаттылығын арттыру мақсатында еңбек етуде.

Халқымыздың келешегін ойлап, әрекет еткен Елбасыға алғысымыз шексіз!

Алла разы болсын! Тәуелсіздігіміз баянды болғай!

Еркінбек ЕБЕЛЕКҚАЖИЕВ,

Теректі аудандық мешітінің бас имамы

Мы вместе многое пережили.

Весть о том, что наш Президент сложил свои полномочия, признаться, выбила меня из привычной жизненной колеи. Первое чувство – это было чувство растерянности: как же теперь мы, народ? Наверное, оно присуще больше людям старшего поколения. Потому что вместе с Главой государства мы прошли огромный путь становления нашего независимого государства.

А пережили вместе многое. Когда на заре становления независимости он предупреждал нас о грядущей инфляции, мы в своей семье не придали значения его словам. Эти предостережения поняли позже, когда испытали их на себе. Все, о чем он честно предупреждал народ, потом мы преодолевали.

Давно минули те трудные времена. Благодаря Президенту страна благополучно пережила величайший мировой кризис, который коснулся многих стран. Сегодня, когда наше государство признано мировым сообществом, всем ясно: в этом бесспорная заслуга Первого Президента РК Нурсултана Назарбаева.

Я горжусь тем, что живу в Казахстане – стране, где мирно развиваются и живут разные нации и народности, сохраняются стабильность и согласие. Очень надеюсь, что политика, проводимая Нурсултаном Назарбаевым, будет развиваться и дальше, сохраняя преемственность. Ведь нет ничего дороже в мире, чем понимание, мир и согласие в обществе.

Людмила Стахура,

жительница с. Подстепное

Елбасы үмітін ақтауға тиіспіз

Тұңғыш Президентіміз еңсесі биік, тұлғасы асқақ күйде өз өкілеттілігін тоқтатып, еліміз үшін тарихи шешім қабылдады. Халықтың көңіліне қимастық пен алғыс сезімі қатар орнап, есеңгіріп қалғаны рас.

Нұрсұлтан Әбішұлына дөңгеленген дүние разы, қазақстандықтардың алғыстан басқа айтары жоқ. Қиын-қыстау заманда тізгін алып, еңсемізді тіктеді. Еліміз әлемге танылды, бұны ешкім күтпеді.  Әдемі бастап, әдемі қойды нүктені. Өгізді өлтірмеді, арбаны сындырмады. Ғалам тамсанар Астана салды, шекарамызды бекітті, қазақстандықтар шет мемлекеттерді білімін арттырып, бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік алды. Әртүрлі мемлекеттермен келіссөздер жүргізіп, әлемде тек бейбітшілік болуын ойлады. Кемеңгерлік пе?! Сөзсіз кемеңгерлік.

Осынау игіліктің бәрінде әуелі Алланың берген игілігі болса, одан соң Елбасының ерен еңбегі деп білемін. Жаратқанның жар болғанын өзі де терең түсінді. Кеше ғана сәулетті мешіттің іргесін қалап, Президент ретіндегі соңғы ісін жасады. Бұл да кейінгілерге көрсеткен әдемі үлгі, ізгі жол.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті жастарға үлкен сенім артты. Бабалар қалаған, армандаған Тәуелсіздікті сақтап қалуды жастарға тапсырды. Сәт сайын қолдаған халыққа бас иіп, алғысын білдірді.

Біз, жастар Елбасының аманатына қиянат жасамай, еліміздің өркендеуіне, дамуына өз үлесімізді қосуды жалғастыруға тиіспіз. Тәуелсіздік дейтұғын тәтті ұғым көп елге арман. Ал біз азатпыз, әр күніміз тыныштықпен өтуде. Осыдан артық байлық жоқ. Рахмет саған, Нұрсұлтан Әбішұлы!

 

Сымбат Игизғали

Покатилов ЖОББМ-нің 11 сынып оқушысы

«Ғазал» жас ақындар клубының мүшесі

 

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар