26.03.2019, 10:46
Қараулар: 79
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА – ТЕРЕКТІДЕ!

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА – ТЕРЕКТІДЕ!

15 наурызда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумына ауданымыздан 5 оқушы қатысты.

Байқау қорытындысында теректілік оқушылардың айы оңынан туып, жүлдемен оралды. Атап айтсақ, «Қалдықтардан табыстарға» номинациясы бойынша Подстепный қазақ мектебінің шәкірті Нұрдана Темір – ІІІ орын, Жайық негізгі мектебінің оқушысы Данияр Русланұлы ІІ орынды иеленді. «Туған өлкені зерттейміз» аталымында Федоров қазақ мектебінің 10-сынып оқушысы Меруерт Жасұланова ІІІ орынға ие болса, «Жасыл экономика» номинациясында Абай атындағы ЖОББМ шәкірті Сатжан Паритханов І орынды қанжығасына байлап, Қарағанды қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.

 

Аягөз АЙТҚАЛИЕВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар