22.03.2019, 10:41
Қараулар: 63
Теректілік «Жұлдыз» республикаға жолдама алды

Теректілік «Жұлдыз» республикаға жолдама алды

Шет мемлекеттерде абыройымызды асырып, республикалық деңгейде намысымызды қорғап жүрген «Жұлдыз» үлгілі би ансамблі өз мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Орал шаһарында өткен  II республикалық «Батыс Жұлдыздары» атты байқауға  Жанар Тайшыбаева жетекшілік ететін «Жұлдыз»  жас ерекшіліктеріне байланысты төрт бірдей топпен барды. Бір ерекшелігі, төртеудің үшеуі  жүлдемен қайтты. «Халық биі»(10-14 жас аралығы) аталымы бойынша ауданымыздың  бишілері І орынды жеңіп алса, «Қазақ биі»(6-9 жас аралығы)  аталымы бойынша жүлделі ІІ орынды еншіледі. Ал «Балалар биі» номинациясында(6-9 жас аралығы) үздік үштіктен көрінген. Сонымен қатар, «Жұлдыздың» үлкен және кіші тобы Астанадағы республикалық байқауға жолдама алса, даярлық тобы Атырау қаласындағы бишілер байқауында өз бақтарын сынайтын болады.

Теректінің атын республикаға танытып жүрген балғын таланттарға артар сенім зор.

 

Әділет ОРЫНБАСАРОВ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар