18.03.2019, 10:36
Қараулар: 81
«Қамқорлық» орталығы көмекке келеді

«Қамқорлық» орталығы көмекке келеді

Аудан әкімідігінің үлкен  мәжіліс залында  “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалының актив жиыны өтті. Жиынды “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Әділ Жоламанов ашып, Астана қаласында Елбасы төрағалығымен өткен партияның кезекті 18-ші съезіне тоқталды.

Биыл ел игілігі жолында қызмет етіп жатырған “Нұр Отан” партиясы 20 жылдығын атап өтеді. Партия съезінде Президент халықтың тұрмыс сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған нақты тапсырмалар берген болатын. Қоғамда жиі талқыға түсіп жүрген аз қамтылған көп балалы отбасыларға берілетін әлеуметтік жәрдемақы мәселесіне нүкте қойылған еді. Осы және басқа да жаңалықтарды жіпке тізген Әділ Тауфиқұлы аудан көлемінде жүзеге асырылып жатырған жұмыстарға да тоқталып өтті. Мысалы, ауданда дәстүрге айналған “Мейірімді көктем” қайырымдылық шарасы өтуде. Акция аясында кәсіпкер Роллан Бектеміров өз қаражатына Барбастау ауылында тұратын аз қамтылған отбасының үйіне газ өткізіп, жылыту жүйесін жасап берді. Ақжайық ауылының тұрғыны Ғазиза Рахметова «Қамқорлық» орталығын ашып, аз қамтылған көп балалы отбасыларға тегін әлеуметтік көмек беруде. Бұл көңілдің дархандығы мен жүректің кеңдігі деп білген жөн. Осындай жомарт жандар ауданымызда көп екендігі ақиқат.

Жиын барысында әлеуметтік қолдауды қажет ететін тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттырудағы жергілікті атқарушы органдардың міндеттері туралы аудан әкімінің орынбасары Махамбет Батырғалиев баяндама жасады. Елорда төріндегі съезд туралы ой-пікірлерін Богданов ауылдық округінің әкімі Әсет Әубакіров, аудан тұрғыны, көп балалы ана Жанна Әлдібаева, аудандық аурухананың емхана меңгерушісі Лунара Ысқақова, Шаған жалпы орта білім беретін мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Елана Плотникова, “Жас Отан” жастар қанаты аудандық филиалының жетекшісі, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Нұрсәуле Аткеева ашық жеткізді.

Әділет ӘЛІБЕКҰЛЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар