20.03.2019, 18:01
Қараулар: 296
Наурызға  – 11747  төлбасы

Наурызға  – 11747  төлбасы

Күн аралатып борандатқан қыстан аман шыққан жанның ауызы аққа тиер, малдың көкке жетер мезгілі жетті.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы Сағадат Жолдығалиевтің айтуынша, кейбір шаруашылықтарда жем-шөп тапшылығы болғанмен, мал басында айтарлықтай шығынсыз шықтық. Қазір жауапты кезең – мал төлдету.

Аудан бойынша қожалық-шаруашылық, жеке қолда  49 633 бас ірі қара,  11911- жылқы,  58574 қой бар екен. Соның аналығы — 19419 сиыр, ішінде асыл тұқымдысы — 3345 бас, 5378 — бие, 35245 бас саулық.

Төлбасы желтоқсанда туған асыл тұқымды «Бақыт» шаруа қожалығында қазір 86 бұзау бар. Ай-аптаға бөліп бағылатын төл күтімі ерекше. Бұл істі кәнігі малшылар Берік Көбешев, Асылболат Таңатаров  жауапкершілікпен атқарып жүр.

Жалпы, аудан бойынша 5881 бұзау, 76 құлын, 5790 қозы-лақ ілесіпті. Бір аналықтан бір төл алуға келмегенмен, биылғыдай қысар қыстан шыққан мал үшін – жақсы көрсеткіш. «Балапанды күзде санайды» демекші, төл алу науқаны әлі аяқталған жоқ. Мал басын табиғи өсім есебінен еселеп отырған малшы қауым қауырт қимыл үстінде.

Камелия Қарекесова

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар