20.03.2019, 17:40
Қараулар: 555
Мерекелік жаңғырық

Мерекелік жаңғырық

Ақжайық ауылдық мәдениет үйінде Халықаралық әйелдер мерекесіне орай,  ауылдың өнерпаз азаматтары ұйымдастырған «Ән сыйлайық анаға» мерекелік концерті болып өтті.

Концерт Әкелер кеңесі мүшелері және биші қыздардың  вальсімен ашылды. Салтанатты жиында Ақжайық ауылдық округінің әкімі Болат Кадыралиев аруларды мерекелерімен құттықтап, аудан әкімі Әділ Жоламановтың және өз атынан алғыс хаттар табыстады.

Ақжайық ауылдық округінің Әйелдер кеңесінің төрайымы Ғ.Рахметова әйелдер қауымын  құттықтап, кеңес атынан көпбалалы, «Алтын алқа» иелеріне, мүгедек бала тәрбиелеп отырған аналарға сыйлықтар табыс етті.  Екі сағатқа созылған сазды бағдарлама  залға лық толған көрермендерге өте керемет көңіл күй сыйлады.

 Нағима Мұрадымова,

Ақжайық ауылдық мәдениет үйінің әдіскері