20.03.2019, 17:26
Қараулар: 61
Қош келдің талапкер !

Қош келдің талапкер !

Қазақстан Республикасының

әскери оқу орындарына түсу тәртібі

 

           Қазақстан Республикасының әскери оқу орындарына оқуға ниет білдірген жас азаматтарды қабылдау төмендегідей жағдайда жүргізіледі.

Үміткер тұрғылықты жерінде Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге оқуға түсетін жылының

1 сәуіріне дейін аты-жөнін, тегін, әкесінің атын, туған күні, айы, жылы, мекен-жайн, түскісі келетін әскери оқу орнының атауын көрсете отырып, еркін үлгідегі өтінішті жазады.

Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде  үміткерді зерделеп, оны оқуға жіберу не жібермеу жөнінде шешім қабылдайды.

Жасөспірімдер Қазақстан Республикасының төмендегі әскери-оқу орындарына түсе алады.

  1. Құрлықтағы әскерлер әскери институты, Алматы қаласы
  2. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты, Алматы қаласы
  3. Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Бигельдинов атындағы әуе қорғаныс күштері әскери институты, Ақтөбе қаласы
  4. Шоқан Уалиханов атындағы ҚР ҚМ Кадет корпусы, Щучинск қаласы
  5. Генерал С.К.Нурмагамбетов атындағы «Жас ұлан» Республикалық әскери мектебі, Астана қаласы

Оқуға ниет білдіргендер және туындаған сұрақтар бойынша Теректі ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, Федоровка селосы, Бейбітшілік, 154 үй, № 9 кабинетіне жолығыңыз. Аңықтама телефондары: 8(71132) 21-3-41, 23-1,14