13.03.2019, 22:34
Қараулар: 338
Қорқыныштан қорықпаңыз

Қорқыныштан қорықпаңыз

Фобия (гр. phobos — қорқыныш) — небір жағдайларда қайта-қайта пайда болатын қоркыныш, бұл невроздың ығыр қылатын түрінің көрінісі.Өткен өмірде  адамдар биіктіктен, аруақтардан тағы басқалардан қорқыныш тапса, бүгінгі адамдар интернет троллингтерінен (әлеуметтік желілер арқылы агрессия көрсету, жәбірлеу, сөгу немесе тіл тигізу арқылы көрініс табатын бүлікші адам) әлеуметтік желі немесе ұмыт қалған смартфондардан жәбір көруде.

Егер ұялы телефоныңызды үйге тастап кетіп,  мазасыздансаңыз, онда сіздің бойыңызда ХХІ ғасырдың ауруы — номофобияның болғаны. Бұл термин ағылшын тілінен аударғанда «no mobile phone» немесе «ұялы телефонсыз қалу» немесе «әлеуметтік желісіз» қалу дегенді білдіреді.  Сондай-ақ, жаңа техниканы меңгеруден таралған киберфобия егде адамдар арасында ортақ ауру болып таралуда.

Смартфондар жайлаған әлемде соционетофобия — әлеуметтік желілер аккаунтын  айла-шарғы жасау үшін пайдалануға болады деген қорқыныш, троллефобия – желідегі арандатушылықтан қорқу,  имоджифобия — смайликтерді жібергенде оның орнына басқасы түсіп кетуден, селфифобия — сәтсіз селфиден қорқу пайда болды.  Бұдан басқа игнорофобия  — хат жолдаған адамнан жауап ала алмай қалудан қорқу, реттерофобия — әлеуметтік желіге жазған кезде әріптен  қателескен немесе «автотүзету» бөлімінен іздеген сөзі шықпаған жағдайда пайда болатын қорқыныш, хронофобия — желіде уақытты ысырап етуден, уэйбэкофобия — әлеуметтік желіде жазған ақпараттарының қалып қоюынан қорқуы бар көрінеді.  Пунктумофобия — нүктені  тым күрт және дөрекі аяқталатын ұсыныс деп санайтындар, лайкофобия — әлеуметтік желілерде лайктар басылмай қалған жағдайда немесе саны айтарлықтай аздығынан туындайтын  қорқыныш сезімдері бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр.

Бұндай адамдарға тек психолог көмектеседі.

Ұмытпаңыз! Сіз қорқып отырған қорқынышыңыз сіз  ойлағандай қорқынышты емес болуы мүмкін. Ойыңызды үрей билесе немесе ғаламтор мен әлеуметтік желі алдында қорқыныш ұяласа – мамандар көмегіне жүгініңіз.

 

Жұмагүл Хамзина,

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің

педагог-психологы