13.03.2019, 14:14
Қараулар: 302
Маңызды іске мұқият болайық

Маңызды іске мұқият болайық

Қазақстан Республикасының  «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiмен байланысты жеке және заңды тұлғалар өз аумақтарында фитосанитариялық мониторинг пен iс-шараларды жүргiзуге,  зиянды организмдердiң зиян тигiзудiң экономиялық шегiнен көп дамуы мен таралуына жол бермеуге міндетті.

Мемлекеттiк фитосанитарлық бақылауға жататын объектiлер — зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң тiршiлiк ететiн орындары болып табылатын ауыл шаруашылығына арналған объектiлер, автомобиль жолдарының, темiр жолдардың бөлiнген белдеулерi мен күзет аймақтары және өзге де аумақтар, сондай-ақ өсiмдiктен алынатын өнiм, зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдер, фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзу үшiн пайдаланылатын арнаулы техника мен пестицидтер (улы химикаттар), арнаулы сақтау орындары (көмiндiлер).

Зиянды организмдермен күресте  фитосанитариялық есепке алуды жүргiзу және фитосанитариялық есептiлiктi уәкілетті органға тапсырудың маңызы зор.

Фиосанитарлық есеп 8 нысанынан тұрады: пестицидтерді өндіру және (немесе) өткізу туралы; пестицидтердің қозғалысы туралы; пестицидтерді сақтау туралы есеп; бүріккіш және дәрілегіш техниканың бар-жоғы туралы есеп; химиялық өңдеулер жүргізу туралы, химиялық өңдеу жөніндегі қызметтер көрсету туралы есеп; тыйым салынған және жарамсыз пестицидтерді және олардан босаған ыдыстарды залалсыздандыру жөніндегі; қоймалық үй-жайлардың бар-жоғы туралы есеп. Осы көрсетілген есептер ҚР Ауыл шаруашылығы Министрінің «Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес, Теректі аудандық аумақтық инспекциясына ұсынылады (электрондык мекенжайы: nugmanov.m@minagri.gov.kz; terekti_rti@mail.ru; тел/факс. 8(711) 32 23329 ).

Аудандағы ауыл шаруашылық құрлымдарының басшыларының көпшілігі фитосанитарлық есептілікті тапсыруына жауапкершілікпен қарағанмен, есептілікті уақытылы тапсырмай жүрген шаруашылықтар да бар. Фитосанитариялық есептiлiктi ұсынбау, уақтылы ұсынбау бойынша  Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік қаралған. Тәртіптік жауап кершілікке тартылмау үшін есептiлiктi дер уақытында тапсырған жөн.

 

 Миржан Нұғманов,

ҚР АШМ АӨК МИК Теректі аудандық  аумақтық инспекциясының

өсімдіктерді  қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы

Маман кеңесі

Басқа да мақалалар