13.03.2019, 13:52
Қараулар: 287
Өсімдіктер карантиніне қатысты қызметтер

Өсімдіктер карантиніне қатысты қызметтер

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Теректі аудандық аумақтық инспекциясы өсімдіктер карантині саласында үш мемлекеттік қызмет көрсетеді.

«Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру»; «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру»; «Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантинді зиянды организмдерді) әкелуді келісу» мемлекеттік қызметтері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің  2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-4/500  «Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартарын бекіту туралы» бұйрығы және  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің  2015 жылғы 1 қазандағы № 15-05/873 бұйрығымен «Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентіне» сәйкес жүргізіледі.

Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

«Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру» мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі  – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі):

көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;

2) жеке басын куәландыратын құжат және көрсетілетін қызметті алушының өкiлдiгіне өкiлеттiлiгiн куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) ұсынады.

Порталға жүгінген кезде:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім.

Уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі өтінімді қабылдаған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі көрсетілген мерзімдерде өтінімді әрі қарай қараудан уәжді бас тарту береді.

«Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» қызметі 5 жұмыс күні ішіндекөрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі):

көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;

2) жеке басын куәландыратын құжат және көрсетілетін қызметті алушының өкiлдiгіне өкiлеттiлiгiн куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) ұсынады.

Порталға жүгінген кезде:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім.

Уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі өтінімді қабылдаған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі көрсетілген мерзімдерде өтінімді әрі қарай қараудан уәжді бас тарту береді.

Карантиндiк және фитосанитариялық сертификаттарды алуға мүдделі жеке және заңды тұлғалар  карантиндiк жай-күйдi айқындау үшiн өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторға карантинге жатқызылған өнімді ұсынады.

Өсімдіктер карантині саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша толық ақпаратты Теректі ауданы, Федоров ауылы, Бейбітшілік көшесі, 170 мекен-жайында орналасқан Теректі аудандық аумақтық инспекциядан білуге болады.  Байланыс телефоны: 8 711 32 (21-2-97)

 

Жәлел Сұлтанбеков,

ҚР АШМ АӨК МИК Терекі ауданық аумақтық   

 инспекциясының өсімдіктер карантині

жөніндегі мемлекеттік   инспекторы

 

Маман кеңесі

Басқа да мақалалар