12.03.2019, 10:49
Қараулар: 89
«Пробация» атты республикалық профилактикалық іс шарасы

«Пробация» атты республикалық профилактикалық іс шарасы

     2019 жылдың наурыз айының 11-17 аралығында Теректі аудандық №2 Пробация қызметімен Ақжайық ПБ-нің ЖПҚ-мен бірлесіп «Пробация» атты республикалық профилактикалық іс шара басталды. Аталған іс – шараны өткізу барысында пробация қызметінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп пробация қызметінің есебінде тіркеуде тұрған сотталғандарды мекен – жайлары, жұмыс орындары, демалатын ойын–сауық кешендері бойынша кешкі және түнгі уақыт аралығында тексеріс жүргізеді.

ҚР ҚК 72-бабы,3-бөлігі, 64-бабы,1–бөлігіне сай жаза өтеу мерзімінен бұрын шартты түрде босатылуларына мүмкіндіктері бар екенін есепке қояр кезінде түсіндіріледі.     Аталмыш қызметке деген қажеттіліктің туындау себебі пробация қызметіне қарайтындардың көбісі шартты түрде сыңақ мерзіміне және бас бостандығынан шектеу жазасына сотталғандар. Жаза өтеу барысында ешқандай әкімшілік құқық бұзбай немесе қайта қылмыс жасамай және көрші, жұмыс орындарынан жақсы мінезделіп сондай-ақ пробация қызметінің тарапынан өз мінез-құлқымен өзінің түзелгенін көрсете білген сотталғандардың олардың жазасының ауырлығына байланысты уақыты келген кезде, пробациялық бақылауды жүзеге асыратын органның ұсынуы бойынша іс-құжаттар сотқа жолданып сот шешімімен босатылады.

Сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бірлік шегінен шықса немесе тұрғылықты мекен-жайын ауыстырса, пробация қызметінің өкілдеріне міндетті түрде хабарлау қажет. Пробация қызметкерлерінің әрекеті заңға қайшы болса онда ҚР заңдарына сүйене отырып, шағым түсіре алады. Теректі аудандық №2 Пробация қызметі есебінде тұрған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғалар тарапынан жасалатын құқық бұзушылық және қайта қылмыстарды болдырмау мәселелері бойынша және алдын алу, сондай-ақ іздеу жарияланған сотталғандардың тұрғылықты мекен-жайларын аңықтау. Қорытындылай келгенде сот тағайындаған жеңіл жазаға бас бұрмай кейбір адам қате қадамдар жасап тағдырын тәлкіге салып, өкініп жатады.

Сондықтан да осы өткізіп жатқан іс – шараның мақсаты қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталған тұлғалар тарапынан құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау және олардың алдын алу және сотталғандарды оң жолға бағыттау.

 

А.Дюсенғалиев

Теректі аудандық №2

Пробация қызметінің

аға инспекторы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар