5.03.2019, 9:45
Қараулар: 100
Серпін берген съезд

Серпін берген съезд

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жетекшілік ететін «Нұр Отан» партиясы еліміздегі қоғамды ұйыстыратын көшбасшы партия ғана емес, әлемдік деңгейде де өзіндік жолы, бағыт-бағдары айқын саяси күш.

«Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейтойы еліміздің жаңа тарихи даму кезеңімен сабақтасып, қоғамның барлық саласында уақыт ағымына сай модернизациялау, экономикалық және технологиялық, саяси, әлеуметтік және рухани жаңғыру үдерісімен үндесуі көптеген игі істерге серпін берді.

Күні кеше Астанада өткен «Нұр Отанның» кезекті XVIII съезінде партия Көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік саясатты одан әрі жүзеге асырудың негізгі бағыттарына тоқталып, оны іске асыруға партияның белсенді атсалысу тиіс деп, көрсетті. Съезд барысында «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты партияның 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасының жобасы  таныстырылды.

27 ақпан күні Астана төрінде өткен «Нұр Отан» партиясының  съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған жақсы хабарды ел болып талқылап, халық өз пікірін айтып жатыр.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар