2.03.2019, 19:00
Қараулар: 194
 » 
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру — ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәлiметтердi енгiзе отырып және ветеринариялық паспортты бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмiр берудi қамтитын, жануарларды есепке алу рәсiмi.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №7-1/68 «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидалары туралы» бұйрығына сәйкес, бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар – туылған күннен бастап, жеті күн өткен соң, құлындар – төрт айлық жасынан бастап 14 жұмыс күнінен кешіктірілмей бірдейлендіруге жатады. Бірдейлендіру рәсімі орындалған соң жануарлар иелеріне ветеринариялық куәлік беріледі, ал жануарларға құлақтарын сырғалау (ірі қара малдарға, уақ малдарға, түйелерге) және ен салу (жылқыларға) жүргізіледі.

Қазіргі дамыған қоғамда ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор тіркеу, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Себебі Қазақстан Республикасы дүние жүзілік сауда ұйымына кіру үшін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру міндетті болып табылады.

Теректі ауданы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларынның құлақ сырғаларынсыз, соның ішінде жылқы жануарлары таңбасыз немесе радиожиілікті белгісі бар сырғалары болмау жағдайлары тіркеліп, жануарлар ауыл ішінде жайылып, сая бақтарды ластап және автокөлік жолдарында бағымсыз жүрулеріне байланысты түрлі жол апаттарын болдыруда.

ҚР «Ветеринария туралы» Заңының 25-бабы, 5-тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғалар ауыл шаруашылығы жануарларын міндетті түрде бірдейлендіруден өткізуі тиіс. Егерде жеке және заңды тұлғалар ауыл шаруашылығы жануарларын міндетті түрде бірдейлендіруден өткізбей Ветеринариялық ережелерді, талаптарды және ветеринариялық нормативтерді сақтамағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық кодекісінің 406 бабының, 3-тармағы бойынша – жеке тұлғаларға – жиырма бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынатын болады.

 

 

М.Куспанов

ҚР АШМ ВБжҚК Теректі аудандық аумақтық

инспекиясының бас маманы