4.03.2019, 17:43
Қараулар: 293
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – БАРШАҒА МІНДЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – БАРШАҒА МІНДЕТ

Таяуда Теректі аудандық полиция бөлімінің акт залында сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында кездесу өтті.

Жиынға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрхат Жанбоз бен полиция бөлімінің жеке құрамы қатысты.

Кездесуде сыбайлас жемқорлықты жою тақырыбында бірлескен іс-шаралар нәтижелері, өз міндеттеріне салғырт қарағандары үшін жұмыстарынан босатылған полиция қызметкерлерінің әскери-қызметтік тәртіп бұзу деректері талқыланды.

Шара соңында сөз алған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Жанбоз: 

  •  Мемлекеттік қызметшіге қойылатын талап пен жүктелетін жауапкершіліктің мәні зор. Әр адам өз құқығын қорғай білуі керек. Құқықтық біліктілік пен мәдениет, заңды сыйлау бірінші кезекте болғаны жөн. Ендеше, қазіргі қоғамда теледидардан көп айтылып, мерзімді басылым беттерінде жазылып жүрген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршаның ортақ ісі болуы тиіс,- деп өз ойын түйіндеді.

Эрик Чигирев,
Теректі АПб бастығының
кадр жұмысы жөніндегі орынбасары

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар