4.03.2019, 17:19
Қараулар: 290
ДАРХАН ХАЛҚЫ ДАЛАМНЫҢ

ДАРХАН ХАЛҚЫ ДАЛАМНЫҢ

Таяуда аудандық Достық үйі, орталықтандырылған кітапхана жүйесі, мәденидемалыс және жастар ресурстық орталығы ұйымдастыруымен 1 наурызАлғыс айту күніне байланысты апталық өткен болатын.

20 ақпанда басталған шаралар шеңберінде 4 бөлім қызметкерлері “Тарихқа тағзым”, “Қайырымдылық”, “Шабыт”, “Үлкендерді құрметтеу”, “Ықылас” күндерінде Федоров, Долин, Төңкеріс, Ұзынкөл, Подстепный ауылдарында акциялар өткізіп, теректіліктердің басын қосты.

Апталық “нүктесі” аудандық Достық үйінде қойылды.

Дөңгелек үстелге аудан әкімі Әділ Жоламанов және оның орынбасары Махамбет Батырғалиев, аудандық  мәслихат  хатшысы Әлжан Нұрғалиев, этномәдени орталықтардың өкілдері, мекеме басшылары мен қызметкерлері, оқушылар қатысты.

Ең алдымен, шараға қатысушылар қолөнер бұйымдары мен «Қазақстан дейтін менің бар елім» тақырыбында кітап көрмесін тамашалады. Содан соң 29 ұлттың басын қосқан Теректі ауданының бірлігі жөнінде сөз қозғады. Аудан басшысы Әділ Тауфиқұлы ынтымақ пен бірлікті дәріптейтін мейрамның маңызына тоқталса, аудандық №1 сот кеңсесінің меңерушісі Әділбек Қарекенов, “Сябры” белорусь этномәдени орталығының жетекшісі Мария Плетеная, қоғамдық кеңес төрағасы Ғұсман Қатабаев, қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Мұсағали Төлегенов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәлім Қоқашев тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің тарихы, қазақтардың қонақжайлылығы жайлы айтты.

Қазақтың дархандығын паш еткен жиын мәдениет үйі өнерпаздары дайындаған концертпен жалғасты.

Аягөз АЙТҚАЛИЕВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар