4.03.2019, 17:09
Қараулар: 95
Мерекелеріңіз құтты болсын!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Құрметті аналар, арулар, әжелер!

Сіздерді көктемнің осы бір ең жарқын мерекесі 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздер бір отбасын емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер. Тәуелсіз Қазақстанымыздағы бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да өздеріңіз. Ұл-қыздарыңызды тәрбиелеп, азаматтарыңызға сенімді тірек болып, қоғам ісіне білек сыбана кірісіп, қиын-қыстау кезде демеу болып жүргендеріңіз үшін алғысымыз шексіз.

Бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, ырыс-құт тілеймін. Әр таңдарыңыз арайлап атып, күндеріңіз нұрға толсын!

Сағадат Жолдығалиев,

аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы