4.03.2019, 12:29
Қараулар: 229
«Көктем-2019» оқу-жаттығуы өтті

«Көктем-2019» оқу-жаттығуы өтті

Ауданымызда «Көктем-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.

Құрылымдардың көктем мезгілінде болатын төтенше жағдайларға дайындығын пысықтау мақсатында ұйымдастырылған жиында аудан әкімі аппаратының бас инспекторы Бақытжан Исхожин оқу-жаттығу шарасының мақсат-міндеттеріне тоқталды.
Аудан әкімі Әділ Жоламанов алаңда сап түзеген азаматтық қорғаныс, байланыс құралдары, өртке қарсы және авариялық-құтқару, медициналық, инженерлік, энергетикалық, жол және көпір, қоғамдық тамақтандыру және тәртіп сақтау, ақпараттық түсіндіру қызметтері құрамаларының су тасқынына дайындығын тексерді.

Шара соңында Әділ Тауфиқұлы әр құрылым басшысына дайындықты күшейтіп, кез келген жағдайға сақадай сай болу қажеттігін ескертті.

Аягөз АЙТҚАЛИЕВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар