1.03.2019, 17:53
Қараулар: 117
Тегін оқыту өткіздік

Тегін оқыту өткіздік

Мемлекеттік қызметтерді алу үшін тұрғындар оның жолын білуі керек.

Сарыөмір ауылында, мәдениет үйі ғимаратында  Х.Есенжанов атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімімен бірге  Мемлекет басшысының   «Цифрлық  Қазақстан»  мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында тұрғындардарды цифрлық сауаттылығын арттыру бағытында тегін оқыту-семинары өткізілді.

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын жетілдіру мақсатында тұрғындарға электронды түрде қызмет алудың артықшылықтары туралы  ақпарат берілді. Электронды үкімет порталы арқылы қызмет түрлерін электронды форматта алу жолдары көрсетіліп түсіндірілді. Тұрғындарға округ әкімдігі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жөнінде ақпарат жеткізіп,  мемлекеттік қызметтерді электронды нысанда алудың тиімділігі жөнінде жадынамалар таратылды. Осындай шараны алдағы уақытта да өткізу жоспарымызда бар.

Мемлекеттік қызметтерді қолжетімді  әрі тиімді алудың бірден-бір жолы — қызметтердің электронды нысанға ауыстырылуы. Электронды түрде жүргізілген  мемлекеттік қызметтер қағазбастылықтан арылуға, сыбайлас жемқорлық сияқты келеңсіз жағдайларды болдырмауға, уақытымызды тиімді пайдалануға  жол ашты.

 

Самал Темірболатова,  

Шалқар селолық округі әкімі аппаратының  маманы

 

 

Мемлекеттік қызмет

Басқа да мақалалар