8.02.2019, 10:24
Қараулар: 103
Теректілік қос талант Түркияға барады

Теректілік қос талант Түркияға барады

Орал шаһарында өткен «Таңғы шұғыла» халықаралық байқауы теректіліктер үшін өте-мөте жемісті болды.

Аудан намысын 6-9 жас арасындағы «Дуэт» аталымында қорғаған Сұлтан және Бейбарыс Ғарифуллиевтер үздік өнер көрсетіп, гран-при иегерлері атанды. Аталмыш жас аралығында бақ сынаған 18 балғын әншінің арасынан  ерекшеленген егіздер, енді мамыр айының 5-15 күндері Түркияда өтетін байқауда еліміздің абыройын арттырмақ. Осы байқауға қос талантты дайындаған аудандық №2 саз мектебінің оқытушысы Таңат Жексенбаев та ұйымдастырушылардың Алғыс хатына ие болды.

Жастайынан өнер атты аламанға қосылған Сұлтан мен Бейбарыстың Түркияда бағы жанып, жеңіспен елді қуантар деген сенім мол.

 

Әділет ӘЛІБЕКҰЛЫ