1.02.2019, 12:25
Қараулар: 101
«SmartTerekti»  қосымшасын қолданып жүрсіз бе?

«SmartTerekti»  қосымшасын қолданып жүрсіз бе?

Қазір ғаламтордың уақыты. Кез келген мәліметтер мен қызметтерді үйден шықпай-ақ біліп, шаруаңды дөңгелетуге болады. Заманның ағымы сондай.

Ұялы телефоныңызда «Play Маркет» деген қосымша бар. Оны сырт етіп бассаңыз түрлі бағамдар шығады. Енді солардың ішінде «SmartTerekti»  қосымшасын лезде тауып, өз телефоныңызға жүктеп алуға болады. Бұл қосымша сізге қандай қызмет түрлерін ұсынады? Орынды сауал.

«SmartTerekti»  арқылы жылы үйіңізден шықпай-ақ аудан әкімінің, қала берді бөлім басшыларының қабылдауына жазыла аласыз. Сонымен бірге, аудан көлемінде өзіңізді толғандыратын мәселеңізді жазсаңыз оны тиісті орындар лезде оқып, сізге нақты жауабын беру үшін жұмыстанады. Мұнымен қызмет түрлері біткен жоқ. Бұл қосымшадан бос жұмыс орындар тізімін біліп, қала мен аудан орталығын байланыстыратын такси қызметінің нөмірлерін көре аласыз. Аудан аумағындағы өрт сөндіру бөлімшелерінің, жедел жәрдем, «Теректі таза су» мекемелерінің, төтенше жағдайлар бөлімінің, облыс орталығындағы темір жол және автовокзалдың байланыс телефондарын оңай таба аласыз. Жарық пен көгілдір отын, салық пен айыппұлдарыңыздың төлем көлемін көріп, ақпарат алуға мүмкіндік бар. Аталмыш қосымша әлі жетілдіріліп, жаңа қызмет түрлерімен толығады деп күтілуде.

 

 

Әділет ӘЛІБЕКҰЛЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар