19.12.2018, 11:08
Қараулар: 170
Электрондық сандық қолтаңба – бұл сіздің www.egov.kz порталындағы мемлекеттік қызметтерді алудағы дербес кілтіңіз

Электрондық сандық қолтаңба – бұл сіздің www.egov.kz порталындағы мемлекеттік қызметтерді алудағы дербес кілтіңіз

Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі порталындағы барлық қызметтерді қолдану үшін сіздің электрондық сандық қолтаңбаңыз болуы қажет! Бұл порталда азаматтарға арналған онлайн қызметтер бір тізімде: отбасы; денсаулық сақтау; білім; жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамтылу; әлеуметтік қамтамасыз ету; азаматтық, миграция және иммиграция; жылжымайтын мүлік; салықтар және қаржылар; құқықтық көмек; көлік және коммуникациялар; туризм және спорт; әскери есеп және қауіпсіздік.

Электрондық үкімет порталындағы қызметтерді алу үшін біріншіден сіз электрондық сандық қолтаңбаңызды – рәсімдетуіңіз керек. Ол үшін: «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті маманына таянсаңыз жеткілікті, және өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз бен usb тасымалдаушы болуы тиіс.

Электрондық сандық қолтаңба арқылы электрондық қызмет алудың тиімділігі:

  • ашықтық;
  • сыбайлас жемқорлық сияқты келеңсіз жағдайларды болдырмау;
  • Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып кезек күтпей, еліміздің кез-келген аумағында интернетке қолжетімді жерден өтініш бере алуы;
  • ең бастысы уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз!

«Электронды Үкімет» жобасы аясында ұсынылып отырған барлық қолжетімді әрі тиімді электронды қызметтерді пайдалануға шақырамыз.

«Шалқар селолық округі әкімі аппараты»

мемлекеттік мекемесінің бас маманы Темирбулатова Самал Талгатовна

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар