10.12.2018, 14:57
Қараулар: 193
Құрметті теректіліктер!

Құрметті теректіліктер!

Баршаңызды еліміздің ұлы мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

27 жыл ішінде Қазақстан экономикалық  дамуда, халықтың әл-ауқатын көтеруде үлкен  жетістіктерге жетті. Тұрақтылық пен қоғамдағы өзара келісім, зор жауапкершілікпен жүзеге асырылған саясат ғаламдық деңгейде ел беделін өсірді.

Бүгінгі Қазақстан – кемелденген, қуатты мемлекет!

Біз, қазақстандықтар, Елбасының бағдарламалық «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру үстінде тарихы тоғысқан халыққа айналдық. Ынтымақ пен бірлік салтанат құрған, ырысы мол елде тату-тәтті ғұмыр кешудеміз.

Осының бәріне Елбасының көреген саясаты мен еңбекқор халықтың арқасында қол жеткіздік.

Дорогие земляки!

Примите мои искренние поздравления с Днем Независимости Республики Казахстан!

Этот праздник по праву считается символом свободы и могущества нашего государства. С момента обретения независимости наш народ блестяще продолжил великую историю Казахстана новыми достижениями и успешными преобразованиями.

Ардақты ағайын!

Егемен еліміздің көкбайрағы биікте самғап, абыройы мен атақ-даңқы арта берсін! Ел өркендеуі жолында атқарып жүрген еңбектеріңізге толағай табыс, баршаңызға  баянды бақыт, құт-береке тілеймін.

 

Теректі ауданы әкімі Әділ Жоламанов

 

 

 

 

 

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар