10.12.2018, 14:22
Қараулар: 95
Жас роботшылар жеңісі

Жас роботшылар жеңісі

Жуырда Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласында халықаралық «KazRobotics” фестивалі өтті.

Оған ауданымыздың жас роботшылары қатысып, абыроймен оралды. «Үміт» лингвистикалық гимназиясының оқушылары Ернар Сатқалиев және Диас Құлжұмұров(жетекшісі Армат Маемиров) 16-21 жас аралығында І орынды жеңіп алды. Сонымен бірге, Подстепный қазақ мектебінің оқушылары Сұлтан Ғалымжанов, Мирас Бақтыбаев(жетекшісі Дамир Бердібеков) 12-15 жас аралығындағы сайыста үздік төрттікке енген.

Халықаралық деңгейдегі сынға барлығы 16 команда қатысыпты. Ол жөнінде  «Үміт лингвистикалық гимназиясы директорының орынбасары Армат Маемиров мәлімдеді.

БҚО командасы сапында белсеніп, ерлеген  теректілік роботшылар өз жеңістерін Тәуелсіздік күніне арнайды.

Әділет ӘЛІБЕКҰЛЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар