10.12.2018, 14:19
Қараулар: 209
Көк байрақты желбіреткен Рақымжан

Көк байрақты желбіреткен Рақымжан

Тәуелсіздік алып, мемлекеттік рәміздеріміз қабылданған соң қазақстандық спортшылар әлемдік додаларға ерекше серпінмен дайындалды. Төккен тер босқа кетпей, «Тәуелсіздік» дейтін тәтті ұғым намысты қайрағасын  артқа шегінер жол жоқ.

Әлемдік бәсекеде топ жарып, тәй басқан Қазақстанның көк туын желбіреткендердің қатарында теректілік Рақымжан Қазиев бар. Ол Долин ауылында дүниеге келіп, жастайынан спортты жанына серік еткен. Алматы қаласындағы Қ.Мұнайтпасов атындағы олимпиядалық резервтер училищесінде білім алған. Сол

жерде жүріп грек-римнен спорт шебері де атанып үлгерген.

  • 1992 жылы оқуымды аяқтап, грек-рим күресінің жаттықтырушысы мамандығын алдым. Сол жылы азаттығымыз тұғырға бекіп, мемлекеттік рәміздеріміз қабылданған еді. Көк туымызды желбірету бақыты алғашқылардың бірі болып маған бұйырғанын мақтанышпен айтамын. Оқуымды аяқтаған жылы Ресейдегі 28 панфиловші турнирі және Александр Карелиннің жүлдесіне арналған халықаралық турнирдің жеңімпаз атандым. Аталмыш додаларда мен еліміздің, яғни тәуелсіз Қазақстанымның атынан шықтым. Жүлде көп, дегенмен мен үшін ең ыстығы осы екі медаль,-дейді тебіреніп Рақымжан Әлібекұлы.

Одан кейін де Рақымжан Қазиев Қарағандыда және Шымкентте өткен ҚР чемпионатында үздіктер қатарынан көрінген.  1997 жылдан бастап күні бүгінге дейін  Теректі аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде оқытушы-жаттықтырушы қызметін атқарады.  Рахымжан Әлібекұлы  –грек-рим күресінен  1-ші санаттағы  оқытушы –  жаттықтырушы, спорт ардагері, Қазақстан Республикасының   спорт шебері,  көптеген шәкірт тәрбиелеген бапкер.

Бір Рақымжан рейхстагқа ту тіксе, бір Рақымжан тәуелсіз Қазақстанның туын әлемге паш етті.

Әділет ӘЛІБЕКҰЛЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар