10.12.2018, 13:26
Қараулар: 166
Жаңа тағайындау

Жаңа тағайындау

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудан әкімінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы өкімімен Шарафутдин Қуаныш Серікұлы Теректі ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Шарафутдин Қуаныш Серікұлы 1980 жылы дүниеге келген. Отбасылы.

Білімі – жоғары. Батыс Қазақстан аграрлық университетін «Қаржы-есепші» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы Жаңақала аудандық байланыс торабында операторы болып бастаған.

Қ.Шарафутдин әр жылдары Батыс Қазақстан облыстық экономика басқармасында бас маманы, 2008-2016 жылдары — Батыс Қазақстан облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының энергетиканы дамыту бөлімінің басшысы, тұрғын үй шаруашылығын жаңғырту және газдандыру бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

2016 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Батыс Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет етті.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар