5.12.2018, 21:44
Қараулар: 190
 «Жыл үздігі – 2018» жастар сыйлығы табысталды

 «Жыл үздігі – 2018» жастар сыйлығы табысталды

Жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында аудандық Мәдениет үйінде дәстүрге айналған «Жыл үздігі-2018» сыйлығының иегерлері анықталды.

Салтанатты шарада аудан әкімі Әділ Жоламанов білім мен өнерді, еңбек пен ізденісті құп көретін жалынды жастарды құттықтады.

Шараны ұйымдастырушы аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Нұрсәуле Аткееваның айтуынша, аталмыш байқаудың мақсаты — еліміздің өркендеп, көркеюіне өз үлестерін қосып жүрген жас теректіліктердің еңбегіне дем беру, шыңдалуына сеп болу екен.

Жастар сыйлығының «Үздік жас ұстаз» аталымы бойынша Гаухар Шарипова, «Үздік жас медицина саласының қызметкері» аталымы бойынша орталық аурухананың бас медбикесі Гүлмира Досаева, «Үздік жас өнерпаз» аталымы бойынша аудандық мәдени-демалыс орталығының хормейстрі, «Өркен» үлгілі балалар вокалдық ансамблінің және «Шежіре» халықтық әжелер ансамблінің жетекшісі Гүлназ Құсайынова марапатталды. Сонымен қатар, «Үздік жас спортшы» аталымына Ақжайық ЖОББМ-нің 10 сынып оқушысы Гаухар Сембиева, «Үздік мектеп көшбасшысы» аталымына  Шаған ЖОББМ-нің оқушысы Даниал Сағын, «Үздік жас көшбасшы» аталымына Ақсуат ауылдық округінің жастар жетекшісі Ақжан Мерғалиева лайық деп танылды. Үздіктерге арнайы дипломдар, гүл шоқтары және бағалы сыйлықтар табысталды.

 

Әділет ӘЛІБЕКҰЛЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар