5.12.2018, 21:22
Қараулар: 134
«Адал жол» эстафетасын табыс етті

«Адал жол» эстафетасын табыс етті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған республикалық «Адал жол – Честный путь» марафоны эстафетасы Теректі ауданынан  Орал қаласына жетті.

Жәңгірхан атындағы БҚАТУ ғимаратында өткен шараға ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің  басшысы, Этика кеңесінің төрағасы   Болат Исақов, Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев, аудан әкімі Әділ Жоламанов, студенттер, жастар ұйымдары мен БАҚ өкілдері қатысты.

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің  басшысы Болат Исақов «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының маңыздылығына тоқталып, марафон аясында ұйымдастырылған спорттық ойындарға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Аудан әкімі Әділ Жоламанов «Адал жол – Честный путь» марафонының эстафетасын Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаевқа салтанатты түрде табыс етті.

Аймақтағы  жоғары және орта білім беру орындары қызметкерлері марафон аясында ашық турнир өткізді.

Камелия ӨТЕУ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар