14.11.2018, 12:19
Қараулар: 361
Теректіліктер жалпыхалықтық диктантқа қатысты

Теректіліктер жалпыхалықтық диктантқа қатысты

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығына сәйкес қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында республика бойынша жалпыхалықтық диктант өтті. Оған теректіліктер де өз үлесін қосып, шараға жұмыла қатысты.

Аудандық әкімдік, Мәдениет үйі, Федоров қазақ мектебі және Федоров №1 ЖОББМ  ғимараттарында  өткен шараға барлығы 5594 адам келді. «Рухани жаңғыру» мақаласы туралы баяндалатын мәтін аудиожазба арқылы көпшілікке ұсынылды. Барлық жұмыстарды қазақ тілі мамандарынан құралған жұмыс тобы тексеріп, бағалайтын болады.

 

Әділет ЗЕРЕ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар