6.11.2018, 16:43
Қараулар: 349
«Алтын бұғы» мүсінін сыйға тартты

«Алтын бұғы» мүсінін сыйға тартты

  Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қолдау білдіруді мақсат тұтқан Подстепный ауылының тұрғыны Манас Аққожин «Алтын бұғы» мүсінін ауылдастарына сыйға тартты.

Оның қолынан шыққан бұғының мүсіні бағзы замандағы сақтардың алтыннан құйған жануарлардың стильденген мүсіндеріне еліктеуден туған дүние.

Манас Аққожин — қосымша білім беру педагогы, ауылдағы қазақ мектебі базасында  балалар шығармашылық үйінің  «Мүсіндеу»  үйірмесін жүргізеді. Қолы шебер ұстаздың епті шәкірттерінің туындылары республикалық, облыстық  қолөнер байқауларында кеңінен танылып келеді.

Подстепный ауылына кіре берісте қойылған  бұғы мүсіні енді сонау сақ дәуірінен бері үзілмей келе жатқан ұрпақтар арасындағы бай  мәдени-рухани байланысты білдіріп, менмұндалап тұрады.

Әсима Құтқожиева,

балалар шығармашылығы үйі директорының орынбасары