6.11.2018, 15:17
Қараулар: 195
«Технополис» энергетикалық идея ұсынды

«Технополис» энергетикалық идея ұсынды

­  Өскемен қаласында 1-4 қараша  күндері  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында республикалық «Ұлы өнертапқышққа алғашқы  қадам» атты  инновациялық идеялар байқауы өтті.

Аудандық Балалар шығармашылық үйінің  «Технополис» үйірмешілері    Аружан Бақытжанова  және  Ару Қайыржанова (Шаған ЖББОМ 10 сынып оқушылары)  осы байқауда   «Баламалы энергетика, жылу энергетикасы, электр энергетикасы саласындағы жобалар» номинациясы бойынша III дәрежелі  диплом иеленді. Үйірме жетекшісі Медет Бисекенов  республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік  орталығы  атынан  алғыс  хатпен марапатталды.

 

Теректі аудандық БШҮ