5.11.2018, 12:52
Қараулар: 316
Ән қанатындағы жұлдыздар

Ән қанатындағы жұлдыздар

      «Ән қанатында» екі жұлдыз жұптық байқауы Ақжайықтың өнерсүйер көрермендеріне тың серпіліс берді. Қазан айында бастау алған бұл жоба бір ай көлемінде жалғасып, ауылымыздың екі жұлдызы анықталды.

Ауылдық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткізілген бағдарламаға өтініш білдірген 6 жұп қатысты. Байқаудың мақсаты — халықтың бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыра отырып, ауылдың әр түрлі салада қызмет ететін таланттарын анықтау.

Ән доасының алғашқы кезеңі «Ән көңілдің ажары» тақырыбында болды. Бұл кезеңде дауыс жағынан үйлесімділігін тапқан жұптар қазақтың халық әндерін орындаса, араға бір аптадан кейін өткен екінші кезеңі  «Хит әуен» тақырыбында өтті.  Үшінші кезең «Кино және музыка» атауымен өрбіп,  шешуші кезең әскери — патриоттық әндер орындаумен қорытындыланды.

Бір ай бойына ауыл тұрғындарына көтерінкі көңіл -күй сыйлаған думанды бағдарламаның жеңімпаздары қорытынды гала — концертте белгілі болды. Жеңімпаздар қазылар алқасы мен көрермендердің берген дауыстары нәтижесінде белгілі болды. Инстаграмм, фейсбук желісіндегі ресми парақшада арнайы қатысушыларға дауыс беру ұйымдастырылды.

«Ән қанатында» байқауының бас жүлдесін Г.Жазықбаева мен А.Жүсіпова жеңіп алса, І орынды А.Крымғалиева мен Н.Атанбозова еншіледі. Ал ІІ орынға Ж.Файзуллина мен Н.Жексенова, Б.Сәбитов пен З.Әжгереева лайық деп танылса, ІІІ орын А.Жашиева мен Г.Есенғалиева, Д.Тастаев пен Ж.Гайнуллинаға бұйырды.

Нагима Мұрадимова,

Ақжайық ауылдық Мәдениет үйінің әдіскері

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар