5.10.2018, 14:13
Қараулар: 700
«Теректі ауданының құрметті азаматы» атағы табысталды

«Теректі ауданының құрметті азаматы» атағы табысталды

Жазушы Хамза Есенжановтың 110 жылдығы Теректі ауданында жоғары деңгейде аталып өтілді.  Осы мереке аясында бірқатар сыйлы азаматтарға құрметті атақ табысталды.

Атап өтсек, Ерғали Бекетов, Мәпу Біләлов, Өтеген Ғайнуллиев, Хамидолла Гайсин, Виктор Галкин, Ерболат Қоңқашев, Хәлел Құсайынов, Сәлімбай Мәдиев, Вячеслав Мукашев, Федор Савичев, Хамит Салахиев, Марат Сарбөпеев, Амангелді Шұғаепов және Шәрапи Шотанов «Теректі ауданының құрметті азаматы» атағын ие болды.

Оларды аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев құттықтап, марапаттады. Шара аясында еліміге танымал әнші, сазгер, аудан мақтанышы Марат Сарбөпеев ән шырқап, аудандық мәдени-демалыс орталығы әншілері «Теректі толқынын» әуелетті.

 

Әділет ОРЫНБАСАРҰЛЫ